Гүлнәр Сыдықова –психолог-дәрігер

Дәрігер ретінде Гүлнәр Әшімқызын бүкіл аудан таниды. Себебі, ол өзінің біліктілігі мен білімділігі арқасында көптеген тұрғындарға көмек қолын созып келеді.  

Ол 1956 жылдың 26 тамызында Қызылорда облысында дүниеге келген. 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Түлкібас аудандық емханасында психолог-дәрігер болып қызмет атқарады.

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет» грамотасымен, 2013 жылы «Нұр Отан» париясының «Құрмет» грамотасымен,  2014 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Медицина саласындағы елулі еңбегі» үшін төс белгісімен, 2016 жылы  Түлкібас аудан әкімі «Құрметті грамотасы» марапатталған. Отбасылы,   2 ұл, 3 қыз, 16 немересі бар.