Гүлнара Саидова – жеке кәсіпкер

Гүлнара Оңғарбайқызы жиырма жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен шұғылданып келеді. Ол аз қамтылған отбасыларға көмегін аямай, әрдайым қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүр.

1966 жылы 28 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзыната ауылдық округінде дүниеге келген.

1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзыната ауылдық округіндегі «Ұзыната» жалпы орта мектебін бітірген. 1994 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Азық-түлік дүкені, тұрмыстық заттар дүкені, наубайхана  салып, ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп келе жатыр. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жеңілдік қарастырылған. Гүлнара Оңғарбайқызы ардақты ана, аяулы әже болып отырған жайы бар.