Гүлшат Шайкамал – мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеуші

Еліміздің мал шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізіп, халықтың игілігі үшін түрлі жобаларды қолған алған ғалымдар кемде-кем. Солардың бірі – Гүлшат Шайкамал. Ол бүгінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы кафедрасының меңгерушісі болып отырса да, студенттерімен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуден жалыққан емес. Өзі де – аталмыш ЖОО-ның түлегі. Ол 12 жылдан бері ет-сүт өнімдерінің қайнар көзі болған ірі қара мал санын көбейтудің жолдарын зерттеп келеді.

Соңғы 5 жылдағы жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысының 14, Қостанай облысының 15 шаруа қожалығына жөнелтілді. Оның жетекшілігімен 2014-2015 жылдары мемлекеттік бағдарлама бойынша 212 ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, нәтижесінде СҚО және Қостанай облыстарының 34 шаруа қожалығында  (12 сүт, 22 ет бағыты) сынақтан өтті. Г.Шайкамал және оның зерттеу жұмыс тобының арқасында Қостанай Мемлекеттік университеті республикалық деңгейде материалды-технологиялық жағынан жабдықталып, жұмыстары халықаралық стандартқа сай болуына мүмкіндік берілді.