Гуля Жоламанова – дәрігер

 

Гуля Жоламанова - Алтынсарин аудандық емхана орталығында дәрігер. Ол ұзақ жылдар бойы медицинада табанды еңбек етіп, денсаулық сақтау саласының дамуына түтркі болды. Науқастардың аурудан толығымен айығуына себепкер болған дәрігер - қызметіне адал, еңбексүйгіш, мейірімді жан.

Ол 1969 жылы 1 желтоқсанда Қостанай облысы, Комсомол ауданы, Қарашакөл ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 

Білікті маман 2006 жылдан бастап 2015 жылға дейін Алтынсарин аудан орталығының емханасында педиатр-дәрігер болып жұмыс істеген. Содан кейін осы медициналық мекеменің 1-ші санаттағы дәрігері болып қызмет етіп келеді.

Гуля Жоламанова қызмет барысында өзінің еңбекқор, сауатты маман екенін дәлелдеген. Ол үнемі науқастардың көңіл күйіне ерекше мән береді. Өйткені аурулардың дені адамның көңіл күйінің бұзылуынан пайда болады деп есептейді.

Ол педиатр-дәрігер болып қызмет атқарған жылдары да сәбилердің қалыпты жағдайда дамуына, олардың ауырмай өсіп жетілуіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Емхана өміріне белсенді араласып, қажырлы еңбек еткені үшін облыстық, аудандық деңгейде бірнеше рет марапатталған.