Гүлзира Ауданбекқызы – дәрігер-гематолог

Қазақстанда гематология саласы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталатынын біреу білсе, біреу білмес. Ал, Жамбыл облысында медицинаның осы бір күрделі саласына саналы ғұмырын арнаған Гүлзира Әбуеваның денсаулық сақтау ісінде еңбегі зор. Тіпті, облыстағы гематологиялық проблемалармен алғашқылардың бірі болып айналысқан маман десек артық айтқанымыз емес.

Бір кездері оның біліктілігі және еңбек тәжірибесі ескеріліп, Жамбыл облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Соңғы жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс гематологы ретін жұмыс істесе, өзге де емдік-профилактикалық бөлімдердегі әріптестеріне методикалық көмек көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп тұрады. 2015 жылы дәрігерлердің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі өз ісінің кәнігі маманы гематолог-дәрігер Гүлзира Әбуеваны «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.