Хайролла Сабыров - ұстаз.


Ол 1947 жылы, 1 қыркүйекте Бөкей Орда ауданы,Бисен ауылдық кеңесіне қарасты Жиекқұм ауылында майдангер Сабыр Елеусіновтың жанұясында дүниеге келген.Ақтөбе педагогикалық колледжін, А.С.Пушкин атындағы Орал педогогикалық институтын бітірген. 1967 жылдан бастап 2010 жылға дейін, қырық үш жыл үздіксіз ұстаздық қызмет атқарған. Бөкей Орда ауданында Т.Масин, М.Бегалиева,Ш.Жексенбаев, Б.Жанекешев орта мектебінде, төрт мектепте директорлық қызмет атқарған. Еңбегі еленіп Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі,елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты» және ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың «Алғыс хатымен» т.б грамоталармен марапатталған.Кезінде Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі Асқар Тоқпановпен кездесіп, көзін көріп, дәмдес болған. Қазіргі уақытта Бисен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Отбасында бес ұл, үш қыз, жиырма төрт немере, екі шөбере тәрбиелеп отыр. Отбасында он сегіз ұстаз бар.