Саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстаз.

2007 жылы өзі сынып жетекшісі болған 11 «а» сыныбы Ұлыттық Бірыңғай Тест қорытындысы бойынша өте жақсы көрсеткішке қол жеткізгені үшін   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» марапатталған. Соңғы екі жыл көлемінде, 2013-2015 оқу жылдарында шәкірттеріне сапалы білім беру мен ұстаздарға берген тәлімгерлігінің арқасында, еселі еңбегі үшін ҚБББ мен кәсіподақ ұйымының, қала әкімінің, Облыстық Білім басқармасы мен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. Халима Кұтжанқызының тек шәкірттерді ғана емес, ұстаздарды да шығармашылыққа баулу жолындағы еңбегі ерен. 2015 жылы Облыстық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.