Хамит Әубакіров Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеттің «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының доценті болып қызмет жасайды.

Хамит  Әубәкіров, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, ЖОО студенттеріне арналып қазақ тілінде шығарылған  «Биотехнология», «Биометрия», «Ауыл шаруашылық биотехнологиясы», «Жануарлар биотехнологиясы» атты базалық оқулықтарының, басқа да баспаларда шығарылған 5 оқу құралының, 2 практикумның, 4 нұсқаулықтың,   170 астам ғылыми мақаланың, 11 өнертапқыштық патенттерінің  авторы. Мысалы,  2015 жылы оның «Биотехнология. Зертханаық жұмыстар практикумы» атты кітабы жарық көрді. Практикумда өсімдіктер биотехнологиясынан зертханалық жұмыстар, жануарлар биотехнологиясынан зертханалық жұмыстар,  медициналық және ветеринарлық  биотехнологиядан зертханалық жұмыстар,   микробиологиялық биотехнологиядан зертханалық жұмыстар және тамақ биотехнологиясынан зертханалық жұмыстар атты бөлімдерден құралған.  Практикумда аталған пәндер бойынша дайындалған зертханалық жұмыс тақырыптарының орындалуына қажетті құрал-жабдықтар, жұмыс істеу әдістері берілген.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 2008 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері, ЖОО арналған оқулықтар дайындаудағы көп жылдық еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы  қола медальдің, Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлері кәсіподағы тарапынан «Еңбек даңқы» қола медалімен және көптеген мақтау қағаздары мен дипломдармен марапатталған. Педагогика мен ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізген. 

Хамит Әбілғазыұлы өте білімді де білікті маман, оқытушылық қызметі мен басқа қандай да бір жұмысты қолға алса, оған белсене кірісіп, соңына дейін мүлтіксіз атқаруға тырысатын еңбекқорлығымен ерекшеленіп тұрады.