1970 жылы Қазақстан ауыл шаруашылық институтына түсіп, "ғалым-зоотехник" мамандығын  бітіріп шықты.1971-1973 жылдары Ырғыз ауданы Калинин атындағы совхозда зоотехник-селеционері, 1975-1985 жылдары Калинин совхозының бас зоотехнигі,1985-1994 жылдары Ырғыз ауданы Киров совхозының директоры қызметін атқарды. 1998 жылдан бастап "Алтын-Әсел" ЖШС-нің директоры болып қызмет жасап келеді. Х.Өтеуұлф ауыл шаруашылық саласында 40 жыл еңбек етіп келед. "Алтын-Әсел" серіктерстіктің құрылған кезінде 4850 қой,209 бас жылқы болды.2016 жылдың 1 қарашасына мал басы мүйізді ірі қара 268 бас,қой 6473 бас, жылқы 1188 басқа дейін өсті. Шаруашылық 2002 жылдан бастап асылдандыру жұмыстарын дамытуда.Әлеуметтік саланы дамытып қана қоймай,елге қайырымды  істер істеп,жоқ-жітік жзандарға үнемі қол ұшын беріп демеушілік көрсметіп келеді. Атап айтқанда 2004 жылы ауданның Қарақұдық елді мекенінде өз қаражатына 1100,0 мың теңгеге медпункт салып халықтың пайдалануына берді. 2008 жылы Құмтоғай ауылында 600,0 мың теңгеге клуб үйін күрделі жөндеуден өткізді. 2008 жылы Қарақұдық елді мекенінде 3500,0 млн.тг сырттан қатынап оқитын шопан балалары үшін интернат үйін салды. Қазіргі уақытта интернатта 25 бала жатып,білім алуда.Сонымен қатьар округ орталығында жастар клубын үшін 250,0 мыңі тг. жөндеуден өткізіп,200 орындық мейрамхана мен монша үйін пайдалануға берді. 2010 жылы "Алтын-Әсел" ЖШС-нің 4 қызметкері үшін 5000,0 млн.тг 2 дара және 1 екі пәтерлі үй салынды. Биыл Хамит Өтеуұлының бастамасымен өз қаражатына 5 млн.тг Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткіш-тақта салынды. Сонымен қатар 4000,0 млн. тг. осы өңірден шыққан Социалистік Еңбек Ерлерінің есімдері жазылған кешенді күрделі жөндеуден өткізды. 2010 жылы мектепке 30 мың тг. теледидар және үш жүйеде (принтер,факс,ксерокс) жұмыс жасайтын 50 мың тг. жабдық алып берді. Жыл сайын серіктестік қаржысынан 1565,0 мың.тг. Қарақұдық  ауылының тұрғындарына 4120 центнер шөп тегін беріліп отырады.