Ибатулла Үмбетаев – кәсіпкер, ғалым.

Ауыл шаруашылық саласын дамытып, ғылымға да өлшеусіз үлес қосып жатқан Ибатулла Үмбетаевтай азаматты ел білуі тиіс. Ол жаңа жұмысқа келгеннен бастап өзiнiң ғылыми-зерттеу, селекциялық  жұмысын отандық сорттар шығарудан бастады. Оның басшылығымен 2000 жылдан бастап мақтаның бәсекеге қабiлеттi, тез пiсетiн, аурулар мен құрғақшылыққа төзiмдi, жоғары өнiмдi, талшық сапасы жоғары 12 түрлi «Мақтаарал» сорттары шығарылды, пайдалануға берiлдi. Ибадулла Ізетуллаұлы шығарған сорттар шет елдерде де қызығушылық танытып жатыр. Тектiк қорды пайдалануға рұқсат алу үшiн АҚШ-тың Монтана, Арканзас штаттары, ҚХР, Бразилия, Тәжiкстан және Аргентина елдерi сұраныс берген. Мақтаарал ауданындағы қуаттылығы жылына 5 мың тонна тұқым дайындайтын зауыты Ибадулланың ұсынысымен салынған.

Қызу еңбектiң құшағында белсене араласып жүрiп ол 2004 жылы «Қазақстанның оңтүстiгiндегi мелиорацияланатын жерлерде қоза баптаудың сорттық технологиясының ғылыми негiзi» деген тақырыпта докторлық диссертациясын сәттi қорғап шықты. Ғалым ең алғаш мелиоративтiк iс-шаралар (сортаңдану дәрежесiне қарай) сор шаю мөлшерi мен мерзiмдерi, сондай-ақ солар негiзiнде мақтаның сапалы жаңа сорттарының өсуi мен дамуының оңтайлы астарын әзiрледi, қозаның түп санының орналасу жиiлiгi мен жапырақ бетiнiң көрсеткiштерiн анықтады. Қазақстан мақтасы – елдiң мақтасы. Бұл қазақ брендi. Мақта саласындағы Халықаралық және пленарлық мәжiлiстерде ұлттық аграрлық ғылымды лайықты, тиiмдi және кәсiби түрде көрсетедi. Ибадулла Ізетуллаұлы Бараев атындағы сыйлықтың I орын және алтын медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.