Инна Валерьевна – жоғарғы санатты мұғалім.

Инна Войтова алғашқы еңбек жолын 1991 жылы бастаған.1993 жылы мектептің әдістемелік бірлестігін басқара жүріп, «Н.А.Зайцевтің тез оқуы» атты бастауыш сынып оқушыларының жобалық қызметтері бойынша курсын өткен. Болашақ үшін сыни тұрғыдан ойлау және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасы курстарына қатысқан.

Халықаралық «ШПИРЕ»  жобасының бірнеше рет қатысушысы және жүлдегері. Аталмыш жобаның «Я и энергия» халықаралық әдістемелік құралының авторы. «Преподавание в начальных классах», «Евразийское образование», Халықаралық ғылыми әдістемелік журналдарында бірнеше мақалалары жарық көрген. Шәкірт тәрбиелеумен қатар Шахтинск қаласы білім бөлімінің қалалық әдістемелік бастауыш сынып мұғалімдерінің комиссиясын  басқарады. Оның оқушылары Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие.

Инна Войтова жоғары білікті маман, көсбасшы мұғалім, жақсы ұйымдастырушы, әріптестері  мен оқушылардың  құрметіне ие мұғалім.