Ира Бәйдібекова 1949 жылы 17 тамызда дүниеге келген.

Ол 1970-72 жылдары аралығында Қ.Сәтбаев мектеп интернатында кітапханашы қызметін атқарған. 1972-84  жылдары аралығында №16 И.В.Панфилов атындағы орта мектепте математика пәінен сабақ берген. 

1998 жылы Сарыағаштың құрметті ұстазы куәлігімен, 1990 жылы Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі жемісті еңбегі үшін құрмет грамотасы, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай алғыс хатпен, 2016 жылы тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің қуаты мен экономикалық әлеуметін нығайтуға, аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі қосқас үлесі үшін алғыс хатпен, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, ауданның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хатпен, 2017 жылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай алғыс хатпен марапатталған.