Ирина Федорчук – журналист

 

Ирина Федорчук - талантты журналист. Ол өз мамандығына деген шексіз махаббатының арқасында көптеген жетістіктерге жеткен. Сонымен қатар Ирина шығармашылық ортада, өз ұжымында терең білімімен, кез келген іске жауаптылығымен, этикалық талаптарға сай жүріп, үнемі биікке ұмтылатындығымен де сыйлы.

Ол 1980 жылы 6 маусымда Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген. Журналист, заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда «Рудный даусы» ТРК Қала жаңалықтары» жаңалықтар бөлімінің тілшісі.

Талантты журналистің бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етіп келе жатқанына 15 жыл. 2006 жылы «Рудный даусы» ТРК Қала жаңалықтары» мекемесіне алғашында жарнама бөлімінің менеджері қызметіне алынады да, 1 жыл өткен соң жаңалықтар бөліміне тілші қызметіне ауысады.

Ирина өзіне артылған міндеттерді үлкен жауапкершілікпен орындайды. Ақпарат жинап, оны өңдеп, хабар таратуда ерекше қабілетке ие. Телевизиялық жобаларды дайындауда да режиссерлармен тығыз байланыс орнатып ұйымдастыра біледі. Берілген тапсырманы дер кезінде орындайды. Еңбекқорлығы мен өз ісіне деген адалдығы көпке үлгі.

Еңбекқор тілші  жас журналистерге тренинг-семнарлар ұйымдастырып, өзінің тәжірибесімен бөліскенді ұнатады, жиі ұйымдастырады да. Осыған дәлел ол «Рудный қаласының жастары – 2006-2008» бағдарламасы аясында «Жастардың телевизия саласын меңгеруге баулу (оператор, журналист, редактор)» жобасының шеңберінде семинар өткізген.

Ирина Федорчук жыл сайын кәсіби мерекеге орай Рудный қаласы әкімдігінің алғыс хатымен марапатталады.Сонымен қатар, Рудный қалалық сотының және Қостанай облысы маслихаты депутаттарының алғыс хаттарын иеленген.