Ирина Пята – анестезиолог-реаниматолог дәрігер.

Ирина Пята 1973 жылы туған. Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Институттын 1996 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. «Анестезиолог-реаниматолог» мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған.

1996 жылы оқуын аяқтағаннан кейін Осакаров ауданының аудандық ауруханасына анестезиолог-реаниматолог дәрігері лауызымана жұмысқа қабылданды. Ирина кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында курстар оқып, түрлі семинарлардан қалмайды. Дәрігер ханым 2011 жылы анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша жоғары санаттағы білікті маман атанды.

Ирина Пята әріптестер мен пациенттерінің арасында үлкен беделге ие, науқастарына жылы шыраймен қарайтын ақ халатты абзал жан жауапкершілігі үшін көптің алғысына бөленіп жүр. Осакаров ауданының қоғамдық өміріне де  белсене қатысады.