Георгиади Иван Владимирович -«Имсталькон-Теміртау» ЖШС-нің директоры.

1998 жылы политехникалық колледжге оқуға түсті. Оны аяқтаған соң ҚарМетИ-де оқуын жалғастырды. Аталмыш оқу орнын 2006 жылы «инженер-механик» мамандығы бойынша ойдағыдай аяқтады. Сол жылы екінші жоғары мамандық алу үшін КГИУ-ге түсіп, оны 2008 жылы «құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2003 жылдың наурызынан «ЦЕНТРПРОМСТРОЙ» ЖШС-нің құрылыс-монтаж ұйымында бас директор болды. 2010 жылдың сәуірінен бүгінгі таңға дейін «Имсталькон-Теміртау» ЖШС-нің директоры. 2007 жылы Теміртау қалалық мәслихатына, 2012 жылы Қарағанды облыстық мәслихатының V шақырылымының, 2016 жылы наурызда VI шақырылымының депутаты болып сайланды. Қарағанды облыстық мәслихатының заңдылық және азаматтардың құқығы жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.