Иван Шваб – жаттықтырушы

Иван Шваб - Рудный қаласы әкімдігі «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» «Қуат» мемлекеттік мекемесінде балаларға арналған шайбалы хоккей бөлімінің басшысы. Ол еліміздегі шайбалы хоккей спорт түрінің дамуына түрткі болды. Оның балаларды спортқа баулу жолындағы еңбегі орасан зор. 

Ол 1949 жылы 26 маусымда Қостанай облысы, Майкөл ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі. Жаттықтырушы – мұғалім» мамандығы бойынша бітірген. 

Иван Шваб «Рудный» спорт клубына қарасты «Құрылысшы» стадионының және «Спорт мұз айдының» директоры қызметін атқарған. Ол хоккей спорт түрімен кәсіби айналысып Қазақстан Чемпионатында жүлделі орынға ие болған.

Спортшы спорт клубының балалар бөлімін 2015 жылдан бастап басқарып келеді. Оған дейін «Қостанай облыстық шайбалы хоккей Федерациясында» вице-президент, ал 2001-2013ж.ж «Қуат» спорт клубының бірінші жетекшісі болған. Ол жетекшілік еткен жылдары «Горняк» хоккей клубы Қазақстан Республикасы Чемпионатында шайбалы хоккейден күміс жүлдеге ие болған еді  (2001-2002ж.ж жоғарғы лигада). Сондай-ақ, Қазақстан Кубогінің қола медальін жеңіп алды (2003-2004ж.ж маусымында). Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс медальін де иемденді.

Сонадй-ақ, Ресей біріншілігінде «Орал – Батыс Сібір» аймағының «А» класы бойынша шайбалы хоккейден 1 орынмен жеңіске жеткен. 2004-2005ж.ж Қазақстан Республикасы Чемпионатында қола жүлдеге (жоғарғы лига), 2006-2007ж.ж ҚР Чемпионатында қола жүлдеге (жоғарғы лига) ие болды. 2007-2008ж.ж ҚР Чемпионатында күміс жүлдегері атанды (жоғарғы лига). Ресей біріншілігінде «Орал – Батыс Сібір» аймағының «А» класы бойынша шайбалы хоккейден 2 орынмен жеңіске жеткен. 2008 жылы Латвияда өткен Халықаралық Кубокқа қатысқан.  2008-2009ж.ж шайбалы хоккейден ҚР Кубогінің қола жүлдесі бұйырып, 2010 жылы ҚР Кубогінің жеңімпазы атанды.

Иван Шваб 2000 жылы «Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін» Алғыс хатымен марапатталған. 2006 жылы оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері» атағы берілді.

2012 жылы Халықаралық «Үздік адамдар» энциклопедиясына енген. Рудный қаласының 60 жылдығына орай қала әкімінің медальін иеленді.