Ізеткүл Қосмұрат – педагог

Ізеткүл Құлбекқызының жалпы еңбек өтілі 42 жылды құрайды. Осы жылдар аралығында әр түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген жүздеген шәкірртер тәрбиелеп шығарды. «Шәкірттердің абыройы – ұстаздың мерейі» демекші, Ізеткүл Құлбекқызы бақытты-қстаз.

1952 жылдың 17-қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген.

1973-2015 жылдар аралығында Егізқұм жалпы орта мектебінің математика мұғалімі. 1985-2011 жылдар аралығында Егізқұм жалпы орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі. Ал 1996 жылы Қазақстан Республикасының білім үздігі төс белгісімен марапатталса, 2008 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің алғыс хатын, сондай-ақ, 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының «Жыл адамы» атанды.