Бедер Кәдірберген Бедерұлы 1959 жылы 23 тамызда Арал ауданы, Сексеуіл кентінде дүниеге келген. Арал ауданының құрметті азаматы.

Сексеуіл кентіндегі мешітке күрделі жөндеу жасап, 300 орындық асхана, бала оқытатын бөлме, дәрет алатын орын салып берген. Ата-анасы жоқ жетім балаларға үй салып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып алу үшін материал, көп балалы жесір анаға 2 бөлмелі үй салып берген.