Қайдар Бердібайұлы – Ленгер қаласы Таскешу елді-мекеніндегі жаяу жүргіншілер мен көлік транспорты қозғалысына арналған көпірдің құрылысын жүргізген азамат.

«Азимут» ЖШС құрған. Қазіргі таңда 34 адамды жұмыспен қамтып отыр.  Еңбек жолын 1987 жылы «Шымкентшина» зауытында қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. 1989-1997 жылдары аралығында Леңгер мұнай өнімдері базасында бас оператор, цех бастығы қызметтерін атқарды. Шымкент политехникалық техникумында білім алып, техник-технолог мамындығы бойынша тәмамдады. Ал, 1999-2002 жылдар аралығында «Арна» университетінің қаржы және несие факультетінде сырттай оқып, қосымша қаржыгер мамандығын алып шықты. 1999 жылдан 2000 жылға дейін «Кредо» ЖШС менеджер болып жұмыс істеді. 2000 жылдың сәуір айынан «Бейбарыс және К» ЖШС директоры, кейін Маятас ауылындағы орналасқан №1 авто жанармай бекетінің бастығы болды. «Эталон-Юг» ЖШС директоры, «Бейбарыс-Ойл» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде «ШымкентГазСтанция»  ЖШС директоры болып қызмет істейді.