2015 жылы «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2015» тактикалық оқу-жаттығуларына қатысты, практикалық атысты үздік орындағаны үшін мақтау грамотасымен марапатталды.

2016 жылы зениттік зымыран әскерлері жауынгерлік есептоптарының далалық машығы бойынша біріккен әскери ойындар төңірегінде Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы Ашулук әскери полигонында өткен «АрМИ-2016» «Аспан кілті» Халықаралық жарыстарына қатысып, онда оның жауынгерлік есептобы үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, «Бейбіт аспан», «Өзара іс-қимыл», «Жауынгерлік достастық», «Дала қыраны» және т.б. Халықаралық оқу-жаттығуларына қатысты. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, Жоғарғы бас қолбасшының қатысуымен Гвардейскіде Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай өткен әскери парадқа қатысқан.

ҚР Қорғаныс министрінің «Байқау конкурсқа әскерлер қызметі объектілерін дайындау барысындағы жеке үлесі мен ынтасы үшін» грамотамен марапатталған.

Қазіргі уақытта оның бөлімшесі Отанымыздың әуе кеңістігін сенімді қорғауды қамтамасыз етуде.