Какимов Кайрат Сайлауович - әнші, термеші. 

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әнші, термешісі. 1976 жылы дүниеге келген. 
2010ж.-ән фестивалінің «Алтын домбыра» сыйлығының иегері.
2012 ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

1990 жылы Қазақстанның Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің республикалық байқауына қатынасып бас жүлде;
1998 жылы Астанада өткен Республикалық І-ші «Шабыт» фестивалінде лауреат;
2001 жылы Астана қаласында өткен IV Халықаралық шығармашылыл жастар фестивалінде Гран-При  жүлдесін;
2006 жылы Мұхит Мералы атындағы республикалық конкурстың Гран-При иегері;
2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Ғ.Құрманғалиев атындағы «Жез таңдай, күміс көмей ән еркесі»  атты ІІІ республикалық байқаудың Гран-При иегері атанды;
2016 жылы «Қазақтың дәстүрлі әндері» атты батыс өлкесі әндерінің 132 ән жинағы антологиясы жарық көрді.