Қайрат Кемалұлы 1958 жылы 8 қаңтарда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген.

1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген, драма театрының актері. 1978 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1980-1983 жылдары, 1985-1994 жылдары - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері. 1990-1995 жылдары - Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актері. 1995 жылдың қыркүйек айынан бері - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің (2001, 2002) құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мәдениет қайраткері (2006).