Қазақстан әлеуетінің артып, экономикасының гүлденуіне ең көп үлес қосатын кім деп ойлайсыз? Әрине, шағын және орта кәсіп иелері. Бұл оқиға өз кәсібімен елге үлгі, халыққа жанашыр, жақындарына тіреу болған азамат туралы. 

Қайрат Қожахметов нағыз істің адамы. Оның бар өмірін бір сөзбен айтсақ, еңбек деген сөзге сыйғызуға болар еді. Еңбек жолын 1996 жылы бақылаушы электромонтер болып бастаған еді. Кейінірек 2004 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа санциясында теміржол құрылыс саласында жұмыс жасады. Қазір өз алдынла "Бидайық" шаруа қожалығын ашып, ауыл-аймақты сүт өні дерімен қамтамасыз етуде. "Бидайық" кооперативі ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып, қайырымдылық шараларына да жиі қатысып тұрады.  

Қайрат Қожахметовты ауылдастары биязы мінезі, еңбекқорлығы мен кез-келген кәсіпті дөңгелетіп әкететін іскерлігі үшін ерекше сыйлайды. Ауылдың әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді араласып тұрады, спорттық шаралардан да тыс қалған емес. 2001 жылы Қайрат Қалиасқарұлы облыс әкімінің төс белгісіне ие болып, ең үздік электрші атанған болатын.