Мамаев Қайрат Серікбайұлы 05.05.1967 жылы Шымкент облысы (қазіргі ОҚО), Ленин ауданы (қазіргі Қазығұрт), Қызылдала ауылында туған. Білімі жоғары.

  
Әкесі Серікбай бүкіл ғұмырын «Күйік» кеңшарының шопаны қызметіне арнаса, анасы Рабия үй шарушылығымен болып, 9 бала өсіріп, тәрбиесімен айналысқан.  Қазіргі таңда 42  немере мен 63 шөбере сүйіп отырған сексеннің сеңгіріндегі ардақты ана.

1974-1982 жылдары Қызылдала сегізжылдық мектебінде, 1982-1984 жылдары Ленин ауданы Фогелево (қазіргі Рабат) ауылында Жданов атындағы (қазіргі Қ.Әбдәлиев атындағы) орта мектепте білім алған.

1984 жылы Шымкент педагогика институтының Физика-математика факультетіне Математика-физика мамандығы бойынша 1-курсқа екі емтиханды үздік тапсырып, соның нәтижесімен оқуға конкурстан тыс қабылданған.

1985-1987 жылдары Прибалтика әскери округында КСРО Қарулы күштері қатарында қызмет еткен, әскери шені - сержант.

1987-1991 жылдары Шымкент педагогика институтында оқуын жалғастырып,  «Математика, информатика» мамандығы бойынша үздік бітірген.

1991-1992 жылдары Шымкент педагогика институты «Алгебра, информатика және есептеуіш техника» кафедрасының бағдарламалаушысы, лаборатория меңгерушісі және оқытушысы қызметтерін атқарған. 

1994-1997 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Жаратылыстану-гуманитарлық институтының 10.02.21-Құрылымдық, қолданбалы және математикалық лингвистика мамандығы бойынша профессор Қ.Б.Бектаевтың жетекшілігімен күндізгі бөлім аспирантурасында оқыған.

1997-1998 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімі «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының оқытушысы, 1998 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасы¬ның аға оқытушысы.

2002-2003 оқу жылында Есептеу орталығының меңгерушісі, 2004-2007 жылдары сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, 2007-2008 жылдары магистратура бөлімінің меңгерушісі, 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық университеттің (АИУ) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының (ОҚМПИ) Инновациялық технологияларды ендіру жән ақпараттық-сараптама орталығының бастығы қызметінде болған.

2006, 2007 жылдары ХҚТУ ШИ-інің, 2009-2011 жылдары АИУ-дың, 2012 жылы ОҚМПИ-дің қабылдау комиссияларының жауапты хатшысы қызметін қоса атқарған.  

2013 жылдан бастап Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің (АӘИУ) оқу және инновациялық істер жөніндегі проректоры.

2009 жылдың 26 ақпанында, 15 жылдық тынымсыз ғылыми еңбегінің арқасында, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Д14.09.04 диссертациялық кеңесінде 10.02.02 - Қазақ тілі мамандығы бойынша «Лексикалық бірліктерді лингвостатистикалық талдау (бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығы мен хрестоматиясы бойынша)» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын п.ғ.д., профессор Г.Ғ.Еркебаеваның жетекшілігінде қорғаған. Тіл білімін зерттеуде математика ғылымы мен компьютерді қолдануды негіздеп жүрген ғалым-филолог, математик.  

Қ.Мамаевтың 35 – ғылыми, 15 – әдістемелік, 10 – оқу құралының, 3 – оқу-әдістемелік құралдың, 3 – әдістемелік құралдың, барлығы 65 еңбектің авторы, оның ғылыми жетекшілігімен 6М060100–Математика мамандығы бойынша 6 магистр магистрлік диссертациясын қорғаған.

ҚР БҒ министрінің  «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (05.05.2017 жыл) және «Құрмет грамотасымен» (04.10.2012 жыл), Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, АӘИУ ректорларының, ОҚО, Шымкент қаласы  әкімдерінің, балалары білім алған №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназия директорының алғыс хаттарымен марапатталған.
2017 жылы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің миллионыншы билетінің иегері атанған. 

Сапа менеджменті жүйесі бойынша Түркия республикасы Стандарт институтының, «Сапаконсалтинггрупп-НС» сертификаттарының иегері.

Жалпы еңбек өтілі – 33 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі – 26 жыл.

Жанұялы. 1 қыз бен 2 ұлдың әкесі. 

Жұбайы – Сопбекова Гүлмира Үсіпбекқызы 1991 жылы Шымкент педагогика институтын, 2007 жылы Қазақ-Ресей университетін бітірген: орыс тілі пәнінің мұғалімі, әрі мұғалім-логопед, Шымкент қаласындағы №28 арнайы балабақшада мұғалім-логопед 26 жылдан бері қызметін атқарады. 

Қызы Ақтолқын – өнер магистрі, тұрмыста, 1 ұл мен 2 қыздың анасы, АӘИУ-дің 5В042100-Дизайн мамандығын үздік бітірген. 

Үлкен ұлы Нұржан – құқықтану магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік бітірген  түлегі, «Алтын белгі» иегері, Шымкент әуежайында қызмет атқарады. 

Кіші ұлы Нұрболат – Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің 1-курс студенті.