Қайрат Мейірманов – «Реактивті Фосфор қосылыстары» ЖШС бас директоры

Қайрат Ақмолдаұлы бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директорлық қызметте болған белді маман. Ол өзінің кәсіби шеберлігі, интеллектуалды ойлау қабілеті ерекше, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жан-жақты білімділігінің арқасында өз басқарған зауыт-фабрикаларды дағдарысқа түсірмей, өркендеп, дамуына үлес қосты.

Ол 1970 жылдың 13 желтоқсанында  Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988-1990 жылдары Кеңес әскерінің қатарында жауынгер болды. 1996-2011 жылдар аралығында  М.Әуезов атындағы ОҚГУ-де «халықаралық қатынастар экономисті» мамандығы бойынша дәріс алған. Қайрат Ақмолдаұлы еңбек жолын 1994 жылы «Нұржан» ЖШС-ң диреторы қызметінен бастаған. Жастығына қарамай серіктестіктің серпінді дамуына үлес қосып, іргесін нығайтты. Ал 1998-2002 жылдары «Алтын-Нұр» ЖШС-ң директоры болып қызмет етті. Өз ісінің нағыз маманы ретінде  2003-2004 жылдары «Шымкентфосфор» ЖАҚ-ң директорының орынбасары болып барды. 2013-2014 жылдары «Posko Engineering & Construction Co LTD» Оңтүстік-Кореялық компаниясы директорының Кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта  «Реактивті Фосфор қосылыстары» ЖШС-ң бас директоры қызметін атқарып жатыр. Шымкент қалалық мәслихатының VI шақырылым депутаты. Депутат ретінде қаладағы көптеген мерекелік, қайырымдылық шаралардың ұйымдастырылуына белсене ат салысып жүр.