«Талпынған бақытына болады кез, Арналы ұстаздан қалады сөз» деп,  қарындасым, бастауыш сынып мұғалімі Амирбекова Калдыкуль Сембековна туралы сыр шерткім келіп отыр. Қарындасым Жамбыл облысы, Қаратау қаласында еркеше қазақ азаматтары Тәуелсіздік, елі үшін ереуілге шыққан 1986 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген.

Ел игілігі үшін 19 жасынан бастап Тараз қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдігіне еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қадам жасаған жоғары санатты, ұлағатты ұстаз. Осы аталған мектепте 2006-2012 жылдары мұғалімдік қызмет, 2007 жылы жазғы сауықтыру лагерінің басшысы, 2012-2013 оқу жылдары директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып көптеген жетістіктерге жеткен.

2013-2014 оқу жылынан бастап Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бастауыш сынып мұғалімдерінің, мектепке дейінгі білім бөлімінің мектепалды даярлық сыныптарының әдіскері қызметін жасайды.

Қазіргі таңда әдіскерлікпен бірге 2016 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Тараз қаласында жаңадан ашылған №60 орта мектептің директорының міндетін атқаруда.

Сонымен қатар, білім саласының жаңаруына үлесін қосу мақсатында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жазғы демалыс уақытында тренерлік қызметін жасады. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндерінен педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша 2016 жылы 3 топ 96 мұғалім, 2017 жыл 3 топ 83 мұғалімге дәріс беріп, білім нәрін тек оқушыларына емес, ұстаздардың білімдерін жетілдіруіне өз үлесін аямаған.

Жетістіктері:

«2007 жыл мұғалімі» байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды;

«Авторлық бағдарлама» байқауынан 1-сыныптарға арналған «Логикалық математика» авторлық бағдарламасынан І дәрежелі диплом;

2008-2009 оқу жылы қалалық білім бөлімінен Құрмет грамотасы;

Қалалық «Авторлық бағдарлама» байқауынан 4-сыныптарға арналған «Зерттеу, жобалау негіздері» авторлық бағдарламасынан ІІ орын;

«Ең үздік интерактивті сабақтар» байқауында І орын, қалалықтан І орын;

«Үздік педагог» байқауында ІІІ орын;

«Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауы І орын, қалалық І орын;

Қалалық, облыстық семинарларға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар;

2016 жыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасында 2016 жылы орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндерінен педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша тренер ретінде курс өткізгені үшін алғыс хат;

«Білімдіден шыққан сөз, талптығ болсын кез»,- деп Абай атамыз айтқандай білімді ұстаздан, білімді және дарынды оқушылары түрлі байқаулардан жүлделі орындар иеленді.

2009 жыл қалалық бастауыш сынып олимпиадасынан 4 «Ә» сынып оқушысы Нұртазаева Алтынай І орын, Үмбет Карина ІІ орын,

2009 жыл Республикалық «Кенгуру» байқауынан 4 «Ә» сынып оқушылары: Үмбет Карина ІІ орын, Ильяс Нұртас ІІ орын, Нұртазаева Алтынай ІІІ орын;

2009 жыл ақын қызы Нұртазаева Алтынайды «Қазақстан-Тараз» телеарнасындағы «Тұсаукесер» бағдарламасында ақындық жолына тұсауын кестірді;

 2010 жыл оқушысы Әзімханова Көркем  бастауыш сынып аралығындағы қалалық  «Ғылыми жоба» байқауынан І орын иеленді;

2012 жыл 4 «Ә» сынып оқушысы облыстық «Мен зерттеуге үйренемін байқауынан» бас жүлде, республикалықтан алғыс хат иеленген.

«Рухани жаңғыру - әрбір адамның борышы», - 100 тұлғамыз көбейіп, болашағымыздың жарқын болуына үлесімізді қосайық.