Қалдыкүл Әмірбекова – Тараз қаласындағы №60 орта мектептің директоры

Ол Жамбыл облысы, Қаратау қаласында еркеше қазақ азаматтары Тәуелсіздік, елі үшін ереуілге шыққан 1986 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген.

Ел игілігі үшін 19 жасынан бастап Тараз қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдігіне еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қадам жасаған жоғары санатты, ұлағатты ұстаз. Осы аталған мектепте 2006-2012 жылдары мұғалімдік қызмет, 2007 жылы жазғы сауықтыру лагерінің басшысы, 2012-2013 оқу жылдары директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып көптеген жетістіктерге жеткен.

2013-2014 оқу жылынан бастап Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бастауыш сынып мұғалімдерінің, мектепке дейінгі білім бөлімінің мектепалды даярлық сыныптарының әдіскері қызметін жасайды. Қазіргі таңда әдіскерлікпен бірге 2016 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Тараз қаласында жаңадан ашылған №60 орта мектептің директорының міндетін атқаруда.

Сонымен қатар, білім саласының жаңаруына үлесін қосу мақсатында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жазғы демалыс уақытында тренерлік қызметін жасады. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндерінен педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша 2016 жылы 3 топ 96 мұғалім, 2017 жыл 3 топ 83 мұғалімге дәріс беріп, білім нәрін тек оқушыларына емес, ұстаздардың білімдерін жетілдіруіне өз үлесін аямаған.

Білім саласында жүріп бірнеше мадақтамаларға ие болды, марапаттар алды. Атап айтар болсақ, 2008-2009 оқу жылы қалалық «Авторлық бағдарлама» байқауынан 1-сыныптарға арналған «Логикалық математика» авторлық бағдарламасынан І дәрежелі диплом; 2010-2011оқу жылы қалалық «Авторлық бағдарлама» байқауынан 4-сыныптарға арналған «Зерттеу, жобалау негіздері» авторлық бағдарламасынан ІІ орын; 2013 жыл қалалық «Үздік педагог» байқауында ІІІ орын; 2016 жыл облыстық «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауы І орын, қалалық І орын; Қалалық, облыстық семинарларға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттарға ие болды.

2016 жыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасында 2016 жылы орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндерінен педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша тренер ретінде курс өткізгені үшін алғыс хатқа ие болды.