Әшімов Қали Шарипович - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Қай заманда болсын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналған. Соңғы жылдары нарық қыспағына түскен жастар рухани да, мәдени де, спорт жағынан да құлдырап кетті. Алайда жасөспірімдердің қазіргі кездегі дертке айналып бара жатқан нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту тағы да толып жатқан теріс қылықтардан сақтануға жол салып, ақтөбелік жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулып жүрген ер азаматтардың бірі Қали Әшімов.  Ол дене шынықтыру пәннен сабақ бере жүріп, әлі де өмір жолына түспеген ұрпақты сақтандыру үшін, бос уақыттарын мәнді де мәнерлі өткізуіне көңіл бөліп келеді. 

Қали Шәріпұлы Ақтөбе педагогикалық институтын тәмамдағаннан кейін, 1985 жылдан бастап балаларды спорт пен өнерге тарту мақсатында мектепке ұстаздық етуге келеді. Өз Ақтөбе облысының джиу-джитсу федерациясының президенті қызметін атқара жүріп, өзі сабақ беріп, жаттықтырып жүрген оқушыларының өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруда үлкен үлес қосып келе жатқан ұстаз.