Қали Қораласбаев – суретші-мүсінші, карикатурашы

Қали Қорласбаев – 1965 жылы 20 маусымда Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келіп,  азаматтық тұлғасы қалыптасқан өнер иесі. 1982 жылы М.Әуезов атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, 1983 жылы Алматы Гоголь атындағы Көркем сурет училищесіне түсіп, 1987 жылы бітіріп шықты. 1984-1985 жылдары «Жанар» атты кешкі кәсіби фотостудияны сәтті тәмандады. Көркем сурет  училищесінің оқу барысында 1984-1987 жылы арлығында  Республикалық әскери патриоттық (Іздестіру) клубының және Қазақстан ескерткіштерін қорғау қоғамының мүшесі болып, көптеген экспедицияларға суретші, фото шежіресі болып қатысты,

Қали атасы мен апасының тәрбиесінде болып, қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, бойына сіңіріп, көп ұлт тұратын көшеде өсті. Бала кезінен палуан болуды армандайтын, кешке қарай қой күтуге барған балалармен, алысып жататын. Ауыл баласы ретінде ат құмар болатын, Шу асау аттқа мінемдеп, 9 жасында аттан құлап, бел оымртқасындағы жүйке жүйесін зақымдап, соның салдарынан сол аяғы мүлдем қимылға келмей сезінуден қалады. Ауруханада жатқан кезінде, апасынан қағазбен қарындаш әкеліп беруін сұранады. Содан бері қолынан бүгінгі күнге дейн, қарындашпен қағаз түскен емес. Қали арнайы жаттығулардың арқасында, аяғын 90% қалпына келтіріп, күрестен жасөспірімдер арасында аудандық, облысттық жарыстардың жүлдегері де болды. Ұлттық мерекелерімізде, талай рет түйе палуандыққа түсіп, ақтық сынға дейін жетіп жүрді. Үлкен спорт арманы болып қалып, бірақ өмір сүру үрдісіне айналды. Өз еңбек және шығармашылық жолын, 1987 жылы туған жері Төле би аулында, аудандық суретшілер шеберханасынан бастады. 1990 жылы аудан суретшілерінің жұмыстарынан құралған, «АША» атты галерясын ұйымдастырды.

1992-1997 жылдары  Көркем сурет мектебінің ұстазы, одан кейін директорлық қызметін атқарып, көптеген шәкірттер дайындап, кейбіреулері Қазақстан суретшілер одағының мүшелері және Халықаралық Республикалық сурет байқауларының лауреаты  Сауытбеков Нуржан Бөгетбекұлы Қазақстан Рсепубликасының призидент қорының сыйлығының иегері  атанды. Суретші бейнелеу өнерінің көптеген бағыттарымен жұмыс істейді. Соның ішінде сыр-шырай (живопись), кескіндеме (графика), сумен жазу (акварель), мүсіндеу (скульптура) және карикатураны жетік меңгерген.

Суретшінін қоғамда орын алған, жат іс- әрекеттерге өз көзқарасын білдіретін карикатуралары, аудандық , облыстық , республикалық басылымдарда жарық көріп келеді. Қали Қораласбаев  карикатурадан көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатысушы және Республикалық байқаудың жеңімпазы халықаралық байқаулардың дипломанты. Халықаралық Сөз бостандығы күніне орай екі мәрте Тараз қаласында карикатурадан жеке көрмесін ұйымдастырды.

2002-2016 жыл аралығында Шу ауданы Балалар жасөспірмдер орталығының директоры және Балалар "Мирас" қоғамдық бірлестігінің 2006-2011 жылғы призиденті. 2012 -2016 Шу ауданы біріңғай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" Балалар жасөпірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің  төрағасы.

Жеке көрмелері: 1991-2017 жыл аралығында. Шу ауданында 200-ге тарта көрме. Облыстық көрмелері 20-ға тарта, Республикалық жеке көрмелері, 2002 жылы «Тараздың 2000 жылдығына» арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде 2008 жылы Қазақстан Республикасының мемелекеттік орталық музейінде "Тұғыр" атты көрмесі өтті. Республикалық деңгейде «Қазақ хандығына 550 жылдығы» мерекесін тойлауына орай, Тараз қаласында тас, ағаш мүсіндерден жеке көрмесін өткізді. "Ана жер Ана" тас мүсіні және "Ана" графикалық жұмысы осы музейлердің алтын қорында. Қали осы көрмелердің барлығын ауылда мал ұстап, бақша егіп, той асабасы болып, содан тапқан қаражаттарын үнемдеп, өзіне-өзі  демеушілік жасап көрмелерін ұйымдастырды. 90-шы жылдары ауылға өте қйын кезең болды.  Бұл ауыртпашылықтың қамытын өнер иесі де киді. Майлы бояу кенепке, қаражатының болмаған күнінің өзінде, өнері тоқырауға ұшырамау үшін, өзен жағасындағы тастардан және қара ағаштардан мүсін жасай бастады. Тастан, ағаштан, мүсін жасауға жүрексінетін едім дейді өнер иесі, осы өнерге жігерлендірген 90 жыл деп отырады.

Суретші Қали Қораласбаев өз ауылының патриот азамат ретінде, Шу ауданының  80 жылдығына орай, Төле би ауылының "Жастар" алеясына» 4 бөліктен тұратын "Махаббат бағы" атты мүсіндік композициясын және 9 табиғи тастан жасалған мүсүндік еңбектерін сыйға тартты. Тәуелсіздікттің 20 жылдығына орай, ұлттық құндылығымызды дәріптейтін "Жеті қазына" атты мүсіндік композициясы, аудан орталығына сый ретінде қойылып, көпшіліктің ықласына бөленді.

Тәуелсіздікттің 25 жылдығына орай, "Бірлік береке" атты мүсіндік шығармашылық жұмысы, Тараз қаласының Достық үйінің алаңының төріне қойылды. 1991 жылы «Шу саңылақтары» атты кітаптың көркемдеуші суретшісі болып, содан бері ауданымыздан шыққан ақын-жазушылардың кітаптарын көркемдеуші суретшісі болып, демеушілік жасап келеді. Қазақтың ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген өнер азаматы, қазақтың кең байтақ жерінің түкпір-түкпірінде беташар тойында, талай жерде келіннің бетін ашып елдің ықласына бөленді. Бірнеше халықаралық, республикалық қоғамдық медальдардың иегері, соның ішінде «Б.Момышұлына 100 жыл» күміс, алтын медалімен және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай,  естелік медалі.

Қазақстан суретшілер одағына өнер иесі, осы одаққа мүше болуға үш мәрте өтініш берген, бірақ та қанағаттандырылмады. Өнер иесі бүкіл әлемді мойындатудан көрі, өз туған ауылыңа еңбегінді сіңіріп, «Ауылдың өнер азматы» деген атққа ие болу, әлде-қайда қиын, өйткені ауыл, рух пен шынайылықтын бәйтерегі дейді.