Қалибек Деріпсалдин – әнші-композитор, Қазақ ССР еңбек сіңірген мәдени қызметкері.

Меценаттар клубының сыйлығын иеленген әнші дәл қазір зейнет жасында болса да ел тәуелсіздігімен түйедей құрдас Қостанай қаласының «Мирас»  ұлттық аспаптар ансамблінде әлі күнге ән салып жүр. Торғай топырағында дүние есігін ашқан Қалибек Деріпсалдин – дархан даланы әнге бөлеп өскен жезтаңдай әнші. Ол 1-ші және 2-ші Кеңестер Одағы халықтық шығармалар фестивалінің лауреаты және 2008 жылы «Амангелді ауданының құрметті азаматы» атанған.

2014 жылы Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында Қ.Деріпсалдиннің «Сағыныш сазы» атты жеке шығармашылық кеші өткен болатын. Сонда салтанатты кеш:

Сиқырлы сырын әннің айырғандар

Қалибек, Бақытжан мен Қайыржан бар

Шолпан, Айтбай, Балқаш пен Жұмағали

Сазгерлікпен елге аты жайылғандар

Қазақ әні дертке дауа жан демі

Халық әні неткен сұлу мәңгі еді

Шырқалады қуат алған солардан

Деріпсалдин Қалибектің әндері!,-деп басталған-ды. Осы өлең жолдарының өзі Қалибек Деріпсалдиннің қандай деңгейдегі әнші екенін ұқтырса керек.