Қалмахан Баймаханов – жас кәсіпкер

Жастайынан еңбекке жаны құмар, бейнетсіз зейнет болмайтынын санасына құйып өскен Қалмахан бар-жоғы 18 жасында қорықпастан кәсіпкерлікке бет бұрып, кірпіш шығарумен айналыса бастады. Жас баланың бастаған ісіне күдікпен қарағандар көп болды. Бірақ, қайтпас та қайсар бала демалыс дегенді білмей, еңбек етті. Бүгінде кіші кәсібінің нанын жеп, халыққа да қайырымдылық жасап отыр.

1991 жылы 3 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылдық округінде дүниеге келген. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылдық округіндегі «Қызылқұм» жалпы орта мектебін бітірген. 2009 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Ауылда кірпіш шығаратын кішігірім цех ашып, бірнеше ауыл адамдарын жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қалмахан аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайрымдылық көрсетіп жүр.