Қалмахан Сексенбаев - Шақпақ ауылдық округінің еңбек ардагері, туған жерінің жанашыры, ауылдастарына көмек қолын созатын демеуші.  1947 жылы 3 маусымда Түлкібас ауданында дүниеге келген. Отбасында 2 қыз, 4 ұл тәрбилеп отырған ардақты әке.  

Шақпақ баба ауылына «Бірлік» учаскесінен ағын су тартқанда демеушілік жасаған. 2014 жылы "Имам ағзам" мешітінің жанындағы асхананың көтеруге өз үлесін қосқан азамат.  2017 жылы "имам Ағзам" мешітінің имамына үй салуға көмектесті. Ауыл арасында тойланатын айтулы мерекелер қарттар күні,  Жеңіс күні сынды мейрамдарға демеушілік жасайды. 7 жыл қатарынан «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 5 жыл бойы ауылдық кеңестің депутаты болды. 1981 жылы Халық шаруашылығында жеткен  жетістіктері  үшін Қола медальмен  марапатталған. 2 рет" Алтын қол шебері"атағымен мараптталған. 1983 жылы 1 сыныпты мал шаруасының шебері атанса, 1982 жылы  3 дәрежелі"Еңбек даңқы" орденімен марапатталған. 2015 жылы Шақпақ ауылдық округінің еңбек ардагері атанды.