Камалбек Мейрбекұлы – білім беру ісінің үздігі, жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, профессор. 500-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде 2 монография, 8 оқулық,  50 оқу-әдістемелік құралы, 371 ғылыми мақалалар, 5 инновациялық патент, 12 авторлық куәліктің иегері.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»,  «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.  

2008 жылы  «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша «профессор» ғылыми атағы берілді.

2007 жылдың және 2013 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ОҚО «Жылдың үздік тәлімгері» гратының иегері. «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. 2007 жылғы 14 желтоқсаннан Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі). 2014 жылдан Ресей Жаратылыстану Академиясының толық мүшесі (академигі).

2014 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2014 жылғы 10 шілдедегі шешімімен «Педагогика» мамандығы бойынша «профессор» ғылыми атағы берілді.

2003-2010 жылдар аралығында «Информатика»,  «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» және «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 18 педагогика ғылымдарының кандидаттарына жетекшілік еткен, 5 ғылым докторына ғылыми кеңесші болып, диссертацияларын қорғатқан. 2014 жылы шілде айында Ұлыбритания мемлекетіндегі «OXFORD», «CAMBRIDGE», «Anglia Ruskin University», «Brunel University» «REGENT’S» university London университеттерінде «Жоғары оқу орындары менеджерлерінің біліктілігін арттыру» курстарынан өтті. 

2015 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 

2015 жылы қазан айында «Кентау қаласына 60 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 

2016 жылғы ақпан айынан бастап Кентау қалалық мәслихатының шешімімен Қоғамдық кеңестің мүшесі.

2016  жылғы 19 наурыздан бастап Кентау қалалық маслихатының депутаты болып сайланды.

2016 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 

2017 жылы «Қала жанашыры» төс белгісімен марапатталған.

2016 жылы  «Мейірімді жүрек» атты акциясын өткізу барысында Кентау қаласының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың «Яссави» БПҰ-ның төрағасы К.М.Беркимбаевқа түскен өтініштеріне сәйкес қала тұрғындарына 18 дана (әрқайсысының бағасы 1000$ АҚШ доллары тұратын) қүн энергиясымен және электр қуатымен қозғалатын арбалар Түркия  Республикасының «TIКA» фирмасының қайрымдылық жобасы негізінде тапсырылды.

2016 жылы Әлия Молдағұлова атындағы №19 мектеп оқушыларына құны 150 000 (жүз елу мың) теңге тұратын әдеби кітаптар сатып алып, мектеп кітапханасы тапсырды.

Қалалық маслихат депутаты К.М.Беркимбаевтың демеушілігімен Бала-Бургем аулының бес отбасына материалдық (50 мың теңгелік) көмек көрсетті.

«Мейірімді жүрек» акциясы аясында Кентау қаласы орталық мешітінің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп көшет егіп, талдарын әктеп және мешіттін жарамсызданған электр жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізді.

К.М.Беркимбаевтің демеушілігімен Бала-Бүргем елді мекеніндегі мешітке өз демеушілігімен 2 машина порода, тас (20мың теңге), 4 машина таудың тасы (100 мың теңге), 2 тонна цемент, 2 машина бетон құятын тас түсіріп, мешіт ауласын қоршау жұмыстары жүргізіді.

№19 мектеп оқушыларына «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында (20 мың теңге) мектеп құрал-жабдықтарын табыс етті. 2016 жылы 10 әлеуметтік жағдайы төмен отбасына 10 машина ағаш түсырып беріп, отынмен  қамтамасыз етті.