Қанат Танақбаев –  бас бапкер.

Қанат Танақбаев 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2013 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық  институтының  дене мәдениеті  және спорт мамандығын меңгерген. Сонымен қатар Қазақстан–Ресей университетінде магистральдық көлік және авиация, экономика мамандығын тәмамдаған. 2014 жылдан бастап «Аят » командасының бапкері болып ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келеді. Нәтижелі еңбектің арқасында «Аят» командасы жоғарғы лига  командалары арасындағы  Республикалық футзал сайысы бойынша екі мәрте қола жүлдені қанжығалаларына байлады. 2012 жылы жаттықтырып отырған, «Аят»  командасы  студенттер арасындағы  Азия чемпионатына қатысқан.