Қанатбек Шағатаев (1967 жылы туған, Кентау қаласы) – боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Алғашқы бапкерлері К.Нәдірқұлов және Қ.Мырзақұлов, кейіннен Н.Сафиуллиннің жетекшілігімен жаттыққан. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унверситетін бітірген (1993). Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1991, Мәскеу), Әлем кубогінің күміс жүлдегері (1994, Бангкок, Тайланд), 12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994, Хиросима, Жапония), Азия чемпионы (1994, Тегеран, Иран). Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

1993-2005 жылы Шымкент қаласы ОҚО кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс атқарды.

2005 жылдан бастап Кентау қаласының Бокс мектебінде оқу ісінің меңгерушісі және жаттықтырушы, 2008 жылдан бастап Кентау қаласының Бокс мектебінің директоры болып жұмыс атқаруда. 

2010 ж. Кентау қаласының құрметті азаматы.Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген Спорт Шебері.