КАРБАЕВА БОТАГӨЗ ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ - Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің мұғалімі

Азбайтұғын адамның алтындығы», - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ұстаз болу үшін әуелі үлкен жүрек керек. Себебі, ұлылықтың бастауы іспеттес ұстаздық қызметтің қиындығы мен қызығын қатар алып жүру – әрбір жанның қолынан келе бермейді. Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ әкелетін аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз», - деген. Әр балаға әріп танытып, әліппені оқытқан, өмірді үйретіп, адамгершілікке баулыған жаны нұрлы мұғалімнің бірі – Карбаева Ботагөз Әбілқасымқызы. Ол шәкірттеріне адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш біліммен бірге, өмірлік ұлағаты мен тәрбиесін қатар беретін жанашыр жан.

Бүгінде, ол – балаға деген мейірбандылығының арқасында көптеген оқушының екінші «анасына» айналып үлгерген тәжірибесі мол мұғалім. Әрбір шәкіртіне тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда, адамгершілік тұрғыдан бағыт-бағдар беруде Ботагөз Әбілқасымқызының еңбегі зор. «Осы бір қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан кейін, жүрегім қалаған ұстаздық жолды ұнатумен бірге көздері жәудіреп қараған әр баланы жақсы көрдім», - дейді бастауыш сыныбының мұғалімі Б.Әбілқасымқызы. Соның дәлелі ретінде, 23 жыл бойы өмірін білім саласына арнаған ардақты ұстаз әр шәкіртіне білімге деген құштарлық пен асқақ арман сыйлай білді.

Қазіргі күні шәкірттері әр салада түрлі мамандық иелері ретінде беделді қызметтер атқаруда. Жаһандану ғасыры – білім бәсекесін талап ететін заман. 2014 жылы Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы» Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институтында Ботагөз Карбаева екінші (негізгі) деңгейін тәмамдаған.2017жылы «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша « мектеп тренері» курсын бітірді.Мектептің даму жоспарына сай Ботагөз Әбілқасымқызы бірнеше тақырыпта коучингттер өткізіп, білгенін басқа жанға үйретуден жалыққан емес. Өзінің қарапайымдылығы мен еңбекқорлығының арқасында Ботагөз Әбілқасымқызы қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларға белсене қатысып, шығармашыл мұғалім екендігін бірнеше мәрте дәлелдеп келеді. Атап айтар болсақ, «Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлылық – білім сапасын қамтамасыз ету факторы» атты VII қалалық ғылыми-практикалық конференцияда II дәрежелі диплом, арнайы пәндерден өткен IX халықаралық олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін арнайы мадақтама қағазы, «А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Əуезов шығармаларындағы психологиялық-педагогикалық идеялардың сабақтастығы» конференциясынан Алғыс хат, 2016 жылы қалалық тамыз конференциясында Білім басқармасының атынан арнайы Алғыс хат, республикалық www.orleu.kz порталының «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісі мен құрмет грамотасы, 2016 жылы қалалық бастауыш сыныптар арасында өткен «Үздік жиырма бес ұстаз» байқауынан III дәрежелі диплом иегері, 2017жылы Білім және Ғылым Министрлігінен Грамотамен марапатталды.

Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі десек, еліміздің ертеңі осы білімді ұрпақ қолында. Ұлағатты ұстаз әр баланың санасына сапалы білім ұялатумен шәкірттерін жетістіктерге жетелеп келеді. Оған дәлел, 4-ші сынып оқушылары арасында өткен Абай оқуларында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша шәкірті Жасмин Орынбекова III дәрежелі дипломға ие болса, «IX International basic sciences knowledge contest» халықаралық олимпиадасында Айым Жұмабекова диплом алды. «А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Əуезов шығармаларындағы психологиялық-педагогикалық идеялардың сабақтастығы» конференциясында Әдемі Амирееваға диплом табысталды. V қалалық «Жыл

басы –Наурыз!» атты сурет байқауына кескіндеме жанры бойынша үздік ұстаздың озат оқушысы Камила Батталова бас жүлдеге ие болып, «Ешкім де, еш нəрсе де ұмытылмайды» республикалық байқауында «Бейбіт күн жасасын әлемде» шығармасымен I дəрежелі дипломмен Алтынай Бөлегенова марапатталған. Ж.Жабаевтың 170-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ой жырым, қызыл тілім, сенің арқаң» атты сайыста I дәрежелі дипломды Тамина Абдраз, «The Smartest» олимпиадасында III орын алғаны үшін Олжас Рысбай марапатталды. Халықаралық «Кенгуру – лингвист» жарысында Айым Жұмабекова II орын, Аружан Айкимбекова III орын алғаны үшін диплом табысталынды.

Алғаш әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің сан қилы құбылыстарын терең түсінуге үйреткен, шәкіртінің жан дүниесіне нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған Ботагөз Әбілқасымқызы шәкірттерінің көңіл төрінен ерекше орын алған ұлағатты ұстаз.