Мукушева Каракоз Сериковна 2011ж Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары арасында «Арнайы пәндердің үздік оқытушысы» облыстық байқаудың Бас жүлде жеңімпазы, Ақмола облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы облыстық «Үздік педагог – 2012», жүлделі ІІ орын иегері. 2012ж Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2012 жылы Көкшетау қаласындағы медициналық колледж студенттерімен бірге онлайн сабақ ұйымдастырылды. 2014 жылы әдістемелік көмек көрсету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қаратал орта мектебінің 1-сыныбында семинар-практикумда үлгі сабақ өткізді. 2015 жылы Халықаралық «Менің инновациялық сабағым» сайысында ІІ орынға иеленді. 2015 жылы Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы «За вклад в развитие образования» төсбелгісі, диплом, «Лучшие в образовании» «Большая международная энциклопедия» кітабына енгізілді. 2017 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сауат ашудың ғажайып әлемі» атты көмекші құралы «Келешек-2030» баспасынан шығарылды.
Жүктелген барлық пәндер бойынша («Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Өзін-өзі тану әдістемесі») жұмыс бағдарламаларын жасау, оқу-әдістемелік кешендерін типтік бағдарламаға сәйкестендіріп құру, әдістемелік нұсқаулықтарға байланысты өзгерістермен жұмыс жасау, пәндерге байланысты қосымша әдебиеттер жинастыру, аралық бақылауларға арналған тапсырмалар, тест сұрақтарын, емтихан билеттерін әзірлеу жұмыстары толық орындалды. Бүкіл пәндердің оқу-әдістемелік кешендері жаңа деректермен, соны материалдармен толықтырылды. Дәріс және СОӨЖ, СӨЖ материалдары жаңартылды. Барлық пәндер бойынша қосымша тест сұрақтары әзірленді. Сабаққа қатысты электрондық мультимедиялық слайдтар да оқу процесінде кеңінен пайдаланылады.
«Ақмола облысының Білім басқармасының» ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында өткізілетін олимпиадаларында қазылар комиссияның мүшесі ретінде жұмыс атқарды. Халықаралық, республикалық конференцияларда Қаракөз Серікқызының жасаған баяндамалары ғылыми-теориялық тың пікірлермен, ой дербестігімен жоғары бағаға ие. Ол жетекшілік еткен студенттердің дипломдық, курстық жұмыстары өзінің сапалығымен дараланады. Ғылыми, тәрбие жұмыстары мен педагогикалық әрі ұйымдастырушылық шеберлігі үшін К.Мукушева жоғары ұйымдардың құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.
Заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.