Кәрімжан Бабажанұлы – Отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы ерекше еңбегі үшін – Кеңес Одағының батыры генерал Сабыр Рақымов орденімен марапатталған. Қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқаны үшін «Жамоат фахрийси» медалімен марапатталған. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай, еңбек жолындағы үздік қызметі үшін «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, ОҚО Кентау қаласы Қарнақ ауылының 2000 жылдық мерейтойына орай ауылдың әлеуметтік дамуына қосқан өзіндік үлесі және қоғамдық жұмыстарда белсене қатысқаны үшін «Қарнақ 2000» медалімен, сондай-ақ ҚР-ның рухани орталығы саналатын Түркістан қаласында достық, имандылық білім, жастар тәрбиесі, салауатты өмір салты, өндіріс және ауыл шаруашылығы саласында атқарған ұзақ жылдық  жемісті қызметтері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Өнегелі азамат» төс белгісімен марпатталған. Ал, ҚР ОҚО өзбек мәдени орталығының 25 жылдық мерейтой медалімен, Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен Қайырымдылығы үшін «Сауап»  медалімен марапатталған.