Қарлығаш Байкеқызы – жоғары санатты оқытушы, саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған жан.

1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтап, еңбек жолын Жамбыл педагогикалық институтында физика кафедрасының лаборанты болып бастаған. 1986-1997 жылдар аралығында Жамбыл жүн өңдеу фабрикасында автоматтандырылған жүйелерді басқару бөлімінде инженер-программист болып қызмет жасады. 1997-2016 жылдар аралығында Жамбыл политехникалық колледжінде ұстаздық қызмет атқарды. Жоғары санатты оқытушы.  2017 жылдан  директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. ІТ мамандықтары бойынша орта буынды кадрларды сапалы даярлау мақсатында оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар әзірледі. 2010 жылы ҚР БҒМ «Фолиант» баспасынан шыққан  «Алгоритм негіздері және бағдарламалау тілдерінен тест жинағы»,  Turbo Pascal бағдарламалау тілінен зертханалық жұмыстар (оқу құралы)  кітаптарының 1 басылымының және 2016 жылғы 2 басылымының  авторы. 2017 жылғы «Тараз университеті» баспасынан басып шығарылған  «Объектіге бағытталған прогламмалау, «Delphi-7» оқу құралдарының авторы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Республикалық «Үздік педагог-2013» байқауының жеңімпазы, «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісінің иегері.