Қарлығаш Мырзабаева – ұлағатты ұстаз

Қарлығаш Нысанбайқызы отыз алты жылдан бері білім беру саласында аянбай тер төгіп келеді. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» – деп Лев Толстой айтпақшы, Қарлығаш Нысанбайқызының бүгінде белді салаларда қызмет етіп жүрген шәкірттері жетерлік.

Ол 1963 жылы, 20 шілдеде БҚО, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылдық кеңесіне қарасты, Жетібай ауылында дүниеге келген.

1981 жылдан бастап, Бөкей Ордасы ауданы, Б.Жанекешев орта мектебіне қарасты, Жамбыл бастауыш мектебінде сабақ беріп келеді.

Әр ұстаз білім беріп жүрген оқушыларының болашақта ел үшін қызмет етіп, биік белестерді бағындырғанын қалайтыны жасырын емес. Қарлығаш Нысанбайқызы осындай жауапты ұстаздық ұлы жолда отыз алты жылдан бері аянбай еңбек етіп келеді. Бірнеше рет Бисен ауылдық, аудандық алғыс хат,құрмет грамтоларымен марапатталған. Ол сонау шалғай ауылдағы еңбегі елеусіз жүрген қарапайым еңбек адамының бірі.