Нұрбекова Каршігүл 1951 жылы 2 сәуірде дүниеге келген.

1982 жылдан әйел-қыздар кеңесінің төрайымы болған, 37 жыл оқушыларды тәрбиелеу мен білім беру саласында жемісті еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан.Қазіргі уақытта Ақтөбе ауылдық округ "Әжелер алқасының" төрайымы, 2015 жылы өзі бастамашыл болып өз қаражатынан бүгінгі және келешек ұрпаққа аманат етіп Л.Жолдасов атындағы орта мектебінің жанынан "Әжелерден асыл мұра" атты мұражай ашқан.

Тәжірибелі ұстаз. Аудандық, облыстық білім бөлімдерінен бірнеше марапат қағаздары бар. Атап айтар болсақ, "Сарыағаш ауданының құрметті ұстазы" төсбелгісімен, Елбасы Н.Ә.назарбаевтың Алғыс хатымен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалымен марапатталған.

Сарыағаш ауданының қоғамдық - мәдени іс шараларына белсене араласады. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Көп балалы ана, Алтын алқа иегері.