Қасым Ысқақов - өрт сөндіруші

Қасым Ысқақов 1939 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келді. Қызметке 1957 жылы ҮМЗ күзету бойынша КСРО ІІД МӨКБ 321-ӘӨСБ өрт сөндірушісі болып тұрды. 1958 жылдан бастап 1961 жылға дейін Свердловск өрт-техникалық училищесінің курсанты болды. Училищені аяқтағаннан кейін Тарбағатай ауданының МӨБ инспекторы болып, содан кейін Қаз ССР МООП 1-ӘӨСБ қарауыл бастығы ретінде жіберілді. Жауапты және ынталы қызметкер ретінде 1964 жылы КСРО ІІД Мәскеу жоғары мектебіне жіберіледі. Оны аяқтағаннан кейін 1967 жылы ШҚО ІІД ӨКБ нормативтік-техникалық жұмыс жөніндегі аға инженер лауазымына тағайындалады.

1969 жылы бастықтың орынбасары, ал 1971 жылы ШҚО ІІД ӨКБ бастығы болып ұсынылды, сол орында 1987 жылдың қазан айына дейін қызмет атқарды.

Басшы бола отырып өрттің алдын алу жұмысының жаңа әдістеріне, өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жоғарылатуға ерекше назар аударды, ірі объектілерді заманға сай өрт сөндіру техникасымен жабдықтауға қол жеткізді. 

Мәселен, Өскемен қаласында бөлімшелер мен объектілердің өрт байланысы орталық пунктімен тікелей телефон байланысын ұйымдастырды.

Оның басшылығымен шаруашылық тәсілмен Зыряновск қаласында және Глубокое кентінде, Таврия, Катонқарағай, Никитинка ауылдарында өрт депосының ғимараты, Өскемен қаласы техникалық бөлімінің ғимараты салынды.

Өзі өрттен құтқару-қолданбалы спорттан дәрежелі спортшы бола отырып, өрт сөндіру бөлімшелерінде спортшылардың өсуіне көп көңіл бөлді. 1975 жылдан бастап 1980 жыл аралағында ол құрған команда ҚР Чемпионаттарында, «Динамо» республикалық Кеңесінде, ІІМ оқу орындары арасындағы чемпионаттарға қатыса отырып 1-2 орындарды алған.

Шығыс Қазақстан облысы құрамасы базасында Қазақстан Республикасы құрама командасы құрылды.

«І - ІІ - ІІІ дәрежелі мінсіз қызметі үшін», «Кеңес милициясына - 50 жыл», «Өрттегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды,  «КСРО ІІМ үздігі», «Өрт күзетінің үздің қызметкері», «АҚ үздігі» белгілерімен белгіленді.

Кенді Алтай өртке қарсы қызметінің ең алғашқы ұлттық кадрларының бірі болып табылады.