Қасымхан Төленбай – спортшы

Бастауыш сыныптан бастап спортпен, оның ішінде қазақша күреспен шұғылданған. Қасыханның алғашқы жеңісі 2004 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасының 1994-1995 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен қазақ күресінен бастады. Ол онда 3 орын алады.  Кейін Қызылорда облысы Шиелі  кентінде өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының 1995-1996 жылғы жасөспірімдер арасында 1 орынды иеленді.

Ол 1996 жылдың 14-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян ауылында дүниеге келген.

2002 жылы Шаян көп салалы лицей-жалпы орта мектебінің табалдырығын аттаған. Қазіргі таңда Алматы қаласының спорт академиясының 5 курс студенті.

2012 жылы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен жарыста чемпион атанды. Сол жылы  Қызылорда облысы Шиелі  кентінде өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының 1995-1996 жылғы жасөспірімдер арасында 64 кг салмақ дәрежесінде 1 орынды жеңіп алды.  Қасымханға 2013 жылы қазақ күресінен "Қазақстан Республикасының спорт шебері" деген атақ берілді. Қазіргі таңға дейін үлкен додаларда топ жарып жүр. 2017 жылы Өскемен қаласында өткен қазақ кұресінен әлем кубокын жеңіп алды.