Қатира Бекмұратова – Қазығұрттың жезтаңдай әншісі

Өзінің ерекше дауысымен оңтүстік халқының есінде ұзақ сақталатын әнші Қатира Бекмұратова «Нұрсұлтанның құрдастары» деп аталатын ансамбльді құрып, ауданда, облыс көлемінде болып жатқан көптеген іс-шараларға белсене қатысып жүр.

Ол 1948 жылдың 24-желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.

1966 жылы аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметіне жұмысқа тұрды. 1970 жылдан Жетісай Қазақ сазды драма театрында әнші-актриса болып қызмет атқарды. 2004 жылы «Нұрсұлтанның құрдастары» деп аталатын ансамбльді құрып, осы топтың жетекшісі болып қызмет атқарып келеді.  Қазығұрттың бұлбұлы атанған Қ.Бекмұратованың ансамблі көрермендер үшін көп жұмыстар атқарып келеді. Қазірде аудандағы мерекелік шаралар осы өнер ұйымынсыз өтпейтін болған. Жергілікті халық та Қатира Бекмұратованың керемет әндерін тыңдау үшін концерттерді асыға күтіп жүреді.

Жезтаңдай әншінің жеткен жетістіктері мен марапаттары да аз емес. Бірнеше алғыс хаттар мен облыстық мәдениет басқармасының дипломымен, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Саяси Кеңесінің грамотасымен марапатталған.