Қазыбек Берікұлы – армрестлингпен кәсіби түрде шұғылданатын жеткіншек.

2001 жылы дүниеге келген Қазыбек Елеген Теміртау спорт клубында армрестлингпен 2 жыл айналысады. 1-ересектер дәрежесіне ие. Барлық қалалық турнирлердің абсолюттық чемпионы. Қала күнінің айтулы мерекелері мен «Зима- 2017» 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ашық қалалық турнирдың чемпионы. Сонымен қатар, Бұқар-Жырау ауданы Петровка селосындағы ашық турнирдің жеңімпазы, Теміртау қаласында өткен «Железная рука» VIII ашық чемпионатының күміс жүлдегері, жеткіншектер арасында ҚР чемпионатының қатысушысы.

Қазыбек Елеген армрестлинг техникасы мен  тактикасын өте жақсы меңгерген. Болашақта «Золотой тур» әлем чемпионатының жеңімпазы болуды армандайды. Армрестлингтен басқа да футбол, жүзу, еркін күрес т.б осы сынды спорт түрлерімен айналысқан. Қазыбектің басты мақсаты – армрестлинг спортшыларының үздігі болу және Қазақстан туын әлемдік ареналарда көрсету.