Кемелбек Молдаш – спортшы

Кемелбек Мейірбекұлы 2000 жылдың 9-сәурінде дүниеге келген. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты, Қазақстанның 30 жылдығы ауылының Молда Мұса жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

2012 жылы дзюдо және самбо күресінен жасөспірімдер арасында облыс жеңімпазы, 2013 жылы қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ҚР жүлдегері, 2014 жылы дзюдо және қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ҚР жүлдегері, 2015 жылы дзюдо,самбо және қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ҚР жеңімпазы, 2016 жылы қазақ күресінен Жас Барыс турнирінің жеңімпазы, дзюдо күресінен Германия және Ресей мемлекеттерінде өткен ашық Европа кубогіне қатысушы және Якутскіде өткен «Азия балалары» халықаралық ойындардың қола жүлдегері. 2017 жылы  дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР жеңімпазы,Ресей және Түркия мемлекеттерінде өткен ашық Европа кубогіне қатысушы, Берлин қаласында өткен ашық Европа кубогінің қола жүлдегері.