Кенжехан Төлебаев – техникалық және кәсіптік білім беру саласында білікті басшы

Кенжехан Атақұлұлы  өз мамандығының нағыз шебері, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өнегелі тәрбие беру арқылы еліміздің болашақ ұрпағын адамгершілікке, патриоттық  рухқа тәрбиелеп жатыр. Басшылыққа келгелі ауыз толтырып айтар бірнеше істер атқарылды. Жаңа замануи құрал-жабдықтар алынып, жатақхана кұрделі жөндеуден өтті.

Ол 1954 жылы 20 кыркүйекте Оңтүстік Қазақастан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

«Шымкент аграрлық колледжін» басқарған уақыттан бері колледждегі жылу жүйесі газға қосылды, жаңа мамандықтар ашылды. Білім алушыларға 5,5 га жер көлеміне оқу-өндірістік база салынды. «Шымкент аграрлық колледжінде» Кенжехан Атақұлұлының бастамасымен бірнеше облыстық, республикалық ғылыми конференциялар болып өтті. 

2016 жылдың 5 қазанында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі арасындағы ынтымақтастық Меморандумы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім саласының қызметкерлерінің іс-тәжірибе алмасу мақсатында  «Шымкент аграрлық колледжіне» Түркия Республикасынан қонақтар келді. Германия мемлекетінен келген аға эксперттермен оқытушылардың  біліктілігін арттыруда әлемдік тәжірибемен алмасу мақсатында курстар  өткізілді. 2016-2017 оқу жылында «Sеnіоr Ехреrtеn Sеrvісе ГмбХ» фирмасымен келісім шарт негізінде Неміс ғалымы кеңесші Франк Ребок ірі қара мал биотехнологиясы бойынша «Ветеринария» мамандығының оқытушыларымен тәжірибе алмасу біліктілігін көтеру курсы өткізілді. Мұның бәрі Кенжехан Төлебавтың ұйымдастыруымен жасалып жатқан дүниелер.

Ол өз колледжінің педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың ғылыми жұмыспен айналысып, біліктілігін көтерулеріне зор еңбегін сіңірген басшы. «Шымкент аграрлық колледжі» 2015 жылы Ұлттық бизнес – рейтингтің  қорытындысы бойынша  «Алтын қыран», «Сала көшбасшысы - 2015» медалімен, «Білім саласы көшбасшысы - 2015»  ұлттық сертификатымен және «Үздік колледж басшысы»  сертификатымен марапатталған. Колледж 2016 жылғы  республикадағы ең алдыңғы үздік он колледждің қатарына енді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент аграрлық колледжі ОҚО-дағы «Үздік колледж – 2016» номинациясымен марапатталды.

Қазіргі таңда, колледж «Жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы кәсіби шеберлігі жоғары, ұлтжанды, әлемдік озық мәдениет үлгілерін бойына сіңірген, нарық жағдайына бейімделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау» мақсатында 15 мамандық бойынша оқушыларға білім беріп жатыр.