Керім Шәмшедин 1962 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.

1985 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің филология факультетін араб тілі, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1991 жылы кандидаттық, 2000 жылы докторлық диссертация қорғаған.

Ғылыми еңбектері:

100-ден астам ғылыми мақалалары мен ғылыми еңбектері бар:
1. Қазақ жұмбағы. Монаграфия, 2007ж.
2. Араб елдері. Оқу құралы, 2008 ж.
3. Араб баспасөзінің тілі. Оқу құралы, 2008 ж.
4. Сығанақ саңлағы. Монография, 2012 ж.
5. Діни білім ‒ дін діңгегі. 2012ж.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің, ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің мүшесі.  Қазірде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры.