Қобыланды Сауранұлы – гір көтеру спортынан әлем чемпионы.

Қобыланды Орынбасаров гір көтеру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионатында ұзын циклді көтеруден I орын алған спортшы. 2016 жылы Қостанай қаласында, наурызда Ақсай қаласында өткен екі сайыста да Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иеленді. 2016 жылы 14-18 шілде аралығында Латвия қаласында өткен Европа чемпионатында ІІ орын алды. 2016 жылы 26-30 қазан аралығында гір көтеру спортынан БҚО Ақтөбе қаласында өткен әлем чемпионатында І орын алып, әлем чемпионы атанды. 2017 жылы 14-16 ақпан аралығында Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында І орын алып, әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Созақ ауданы әкімінің дипломымен марапатталған.