Колдубенко Александр - өрт сөндіру қызметінің ардагері

1946 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Украинка ауылында туылды.  Ұлты орыс.  Білімі жоғары, 1987 жылы Алматы энергетика институтын аяқтаған.

       А.С. Кодубенко Кеңес Армиясында қызметін өткеріп келгеннен кейін, Өскемен қаласының титан-магний комбинатын күзету бойынша 1-МӘӨСБ қызметіне түсті. 1970 жылы Алматы қаласындағы өрт күзетінің он бір жылдық курсын аяқтаған соң Қазақ КСР ІІМ ІІБ ӨҚБ 17-ӘӨБ қызметін өткеру үшін жіберілді. Қарауыл бастығы, аға инженер, бөлім бастығының орынбасары лауазымында қызметтер атқарды. 1982 жылы ШҚО ІІБ ӨҚБ ӨСЖ көмекшісі болып, кейін әскери жұмылдыру жұмысы бойынша ӨСЖ орынбасары лауазымына ауыстырылды.

 1990 жылы «ҮМЗ» АҚ берилий өндірісіндегі өртті сөндіргені үшін «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1993 жылы зейнетке шығуына байланысты отставкаға шықты.

 1998 жылдан бастап өртке қарсы қызмет ардагерлерінің кеңесі құрамына кіріп, 2008 жылдан бастап ШҚО ТЖД ардагерлер кеңесіне басшылық етеді. Құрметті демалыста бола жүріп, өрт сөндіру бөлімдерінің және ШҚО ТЖ департаментінің жеке құрамымен кездесіп, оларға кәсіптік міндеттерін мінсіз атқаруда кеңесін беріп келеді. 2017 жылдан бастап ардагерлер жұмыс жүргізу бойынша ШҚО ТЖД бастығының кеңесшісі болып табылады.